РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОН

Каникулда
кітап оқимыз

Оқушылар мен Білім саласы қызметкерлеріне арналған

25 МАМЫР – 25 ТАМЫЗОқушылар

01 МАУСЫМ – 01 ҚЫРКҮЙЕКБілім саласы қызметкерлер

Кітап оқып отырған әйел мен оқушы, жанында кітаптар мен глобус БІРГЕ ОҚИМЫЗ
КІТАППЕН ӨТКЕН ӘР СӘТБірге оқып, бірге өсеміз.
Оқу — керемет әдет!
ОҚЫҚИЯЛДАЖАҢАЛЫҚ АШӨСӨЗІҢ БОЛ
ӘР КІТАП — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Бұл марафон саған не береді?

  • Сырлас дос

    Кітап — шын әрі сырлас досыңа айналады.

  • Жаңа білім

    Кітап оқып, өзіңе даналық сыйлайсың!

  • Көркем сөз

    Сөздік қорың толығады, көркем жазуды игересің!

  • Жеңіс қуанышы

    Кітап оқып, жеңімпаз бол! Құнды сыйлық иесі боласың!

ЖОБА ТУРАЛЫ

Жобаның мақсаты

  • Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру

  • Оқушыларды заманауи оқу техникаларына баулу

  • Отандық кәсіпкерлердің қолдауы арқылы кітап оқушылар қатарын арттыру

  • Озық ойлы ұлт қалыптастыру

Жобаның
міндеті

  1. Кітапты толық оқып шыққан оқушылар мен мұғалімдердің еңбегін ынталандыру;

  2. «Келешек мектептерінде» және білім беру ұйымдарында мотивациялық шеберлік сағаттарын өткізу;

  3. Бағалау және аттестацияға жарамды сертификат/дипломдармен марапаттау.

БІЗДІҢ НӘТИЖЕМІЗ

Кітаппен бірге
өскен қауым

  • 2 700

    Кітап қоржыны таратылды

    Қызықты оқиғалар мен жаңа білім — бір қоржында.

  • 40 рет

    Каникулда кітап оқыдық

    Әр каникул — жаңа кітаппен кездесуге мүмкіндік.

  • 1 000 000+

    Бала бізбен бірге кітап оқыды

    Кітапқа деген қызығушылық біріктірген үлкен қауым.

  • 1 000+

    Балаға кітап сыйладық

    Әр сыйланған кітап — оқырманға ашылған жаңа әлем.

МАРАФОН КҮНТІЗБЕСІ

Мерзімі

  1. КҮЗГІ КАНИКУЛ

    Тіркелу
    20 қазан 2026 жылға дейін
    Қатысу
    24 қазан – 1 қараша
  2. ҚЫСҚЫ КАНИКУЛ

    Тіркелу
    5–25 желтоқсан
    Қатысу
    27 желтоқсан – 10 қаңтар
  3. КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ

    Тіркелу
    5–15 наурыз
    Қатысу
    20–31 наурыз
  4. ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ

    Тіркелу
    10–20 мамыр
    Қатысу
    25 мамыр – тамыз
ӘР ЕҢБЕК ЕЛЕНЕДІ

Жүлде қоры

Бас жүлде 20 дұрыс жауап

«КҮЗГІ КАНИКУЛДАҒЫ ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОҚУШЫ»

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай

35 000 тгСЕРТИФИКАТ
БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРҒАЖұлдызды медалі бар сертификат иллюстрациясы

Сертификат

Барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Әр оқырманның еңбегі бағалы!

I, II, III ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІНЕБірінші, екінші және үшінші орындарға арналған дипломдар иллюстрациясы

Диплом + сыйлық

I, II, III орын алған жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар беріледі.

ҰСТАЗДАР МЕН АТА-АНАЛАРҒАКітап пен лавр жапырақтары бейнеленген ұстаздар мен ата-аналарға арналған алғыс хат

Алғыс хат

Оқушыларды марафонға дайындап, кітап оқуға бағыттаған жетекші мұғалімдерге және ата-аналарға алғыс хат беріледі.

Әр каникулда жеңімпаздар көп болады!

Демеушілер атынан арнайы номинациялар ұсынамыз!

Барлық Дипломдар мен Алғыс хаттар портфолиоға

ЖАРАМДЫ

БАЛАҢЫЗҒА
ҚОРЖЫН СЫЙЛАП,

дамушы ортаға қосыңыз!

Қоржын ішінде не бар?
  • 6–12 және 13–16 жас ерекшеліктеріне арналған 5 түрлі кітап
  • Оқырман күнделігі
  • Кітап бетбелгілері
ТАПСЫРЫС БЕРЕМІН
«Каникулда кітап оқимыз» марафонының кітап қоржыны
КІТАП СӨРЕСІ

Қай оқиғадан бастаймыз?

Барлық кітаптар
ОҚЫРМАНДАР ОЙЫ

Пікірлер

Кітап оқу деген жобаларыңыз күшті болды ғой үйімізге. Кітапты оқып алдық. Тестін тапсыруға келгенде үй ішімізбен, атамызбен қосылып, улап-шулап жүгіріп кеттік. Баламыз кітап оқығанын қайтейік, оның ішінде не жазылғанын бәріміз біліп алдық! Ұнады бізге, тағы өтсе, тағы қатысамыз!

Айдардың әжесі

Әжем баяғыда қыста үйден шықпай отырамыз ғой. Сонда Ботагөз романын оқып бітіріп, екеуміз көрпе қаптап отырғанда айтып беретін. Содан анау кітапқа қызығып, өзім оқып шыққам. Қазір балаларыма сол методты қолданам. Ең қызық жерін айтып берем. Сосын өздері оқып шығады. Сіздердің кітаптарыңызды да сөйтіп оқыттым.

Гауһар

Үйдің жұмысы көп болған соң, кітап оқуға уақыт таппайтын едім. Сонда жұмыстан қашып, перденің артына тығылып отырып, кітап оқитынмын. Сол құштарлығым басылып кетіп еді. Балаларға кітап оқыту керек болған соң сіздердің жобаларыңызға баламды қатыстырып, өзім де кітап оқуды қолға алдым.

Алиханның мамасы
КЕЛЕСІ БЕТТІ БІРГЕ АШАЙЫҚ

Үлкен армандар
кітаптан басталады.

Өз кітабыңды тап